«Авангард» зауытының ресурс үнемдейтін жоғары жылдамдықты соқасы.
Соқалардың басқа модельдерімен салыстырғанда ПБС сериялы соқалар жоғары экономикалық тиімділігімен ерекшеленеді, бұл Ресейдің әртүрлі облыстарындағы 3 тәуелсіз ғылыми-зерттеу институтында жүргізілген салыстырмалы сынақтармен негізделген.
ПБС соқаларының ерекшеліктері мен жоғары көрсеткіштері мына элементтердің конструктивтік жаңалығымен айқындалады: ПБС соқаларының корпустарында дала тақтасы жоқ, оның қызметін сол жақ кескіш атқарады; соқа рамасының орталық арқалығы екі профильді құбырдан (әрқайсысы 120х120х8) жасалған, бұл конструкцияның сенімділігін айтарлықтай арттырады; резеңке жүрісті тірек дөңгелек пен соқа корпустарының конструкциялық ерекшелігі жыртудың біркелкілігін түбегейлі жақсартты; корпустардың оң және сол жақ кескіштері сериялық орындалған, сондықтан ауыл шаруашылығы тауар өндірушісі кескіштерді ауыстыруда қиындық көрмейді.